"РАМАЗАНДА ОРАЗА ҰСТАУШЫ 8 ТҮРЛІ НӘРСЕГЕ НИЕТ ЕТУІ КЕРЕК! Кез келген құлшылықтың қабыл болуының негізгі шарты - ықылас-ниеттің дұрыс болуы. Яғни "ықыластың дұрыс болуы" дегеніміз - құлшылықты тек Алланың разылығы үшін ғана істеп, Алланың разылығынан басқа нәрсені мақсат тұтпау. Ниетті Аллаға ғана арнап, қалған ойдан тазару. Егер адамның ықыласы дұрыс болса, ол сауап та алады, жасаған құлшылығының жемісін де көреді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл адамның еңбегі зая кетпейді. Сондықтан биыл ораза ұстаймын деп ниет етіп отырған болсаңыз, АЛЛАДАН МЫНА 8 НӘРСЕНІ ҮМІТ ЕТІҢІЗ: 👇👇👇 🍎 БІРІНШІ, Алла бұйырған амалды орындау арқылы Оның разылығын алу, Алланың парыз еткен құлшылығын жасап, мейіріміне бөлену. 🍎 ЕКІНШІ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған істі орындау арқылы Оған еру, Пайғамбарға (със) ілесу. 🍎 ҮШІНШІ, ораза деген сауапты құлшылықты орындау арқылы ең жаман орын болған тозақтан жетпіс жылға алыстау. Неге жетпіс жыл? Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла оның жүзін тозақтан жетпіс жылға алыстатады", - деген. (Бұхари) 🍎 ТӨРТІНШІ, тозақтан алыстау, өзін мәңгілік азаптан саналы түрде құтқарып қалу. Бұл жайында Пайғамбарымыз (със): "Кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла оны тозақтан жер мен көктің қашықтығындай мөлшерге алыстатады", - деген. (әс-Силсилә әс-сахих», 2/563) 🍎 БЕСІНШІ, ең ауыр әрі қорқынышты Қияметтің күні оразаның Алладан ол үшін кешірім сұрап, өзіне шапағатшы болуынан үміттену. Бұл туралы Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Ораза мен Құран Алланың құлына Қиямет күні шапағатшы болады. Ораза: "Иә, Раббым! Мен оны күндіз тағам мен сусыннан құр қалдырдым. Ендеше, оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!" - десе, Құран: "Иә, Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, ендеше, оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!" - дейді. Сонда олардың шапағаттары қанағаттандырылады (яғни қабыл болады)", - деген. (әл-Хаким. "Сахих әт-тарғиб 973) 🍎 АЛТЫНШЫ, Жәннатқа мәртебелі қақпа арқылы кіруге талпыну. Расында, ораза ұстағандар Жәннатқа "Райан" деп аталатын жеке қақпа арқылы кіреді. Бұл қақпадан тек олар ғана кіре алады. Одан өзге бұл қақпамен ешкімді кіргізбейді. Алла Тағала өзінің бұйрығын орындап, разылығын алуға тырысқан пендесін осылай құрметтейді. Оның абыройын өзгелердің алдында осылай өсіріп қояды екен! Бұл туралы ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Жәннатта «Әр-Райан» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні одан ораза ұстағандар кіреді. «Ораза ұстағандар қайда?», – делінеді. Олар орындарынан тұрады. Олардан басқа ол қақпа арқылы ешкім кірмейді. Олар кіріп болған соң ол қақпа жабылады да, одан кейін ол арқылы ешкім кірмейді», - деген. (Бұхари, Муслим) Ендеше, мұндай игілікке неге талпынбасқа?! 🍎 ЖЕТІНШІ, ең соңғы амалының ораза болуын қалау. Аллаға ең әдемі, ең ұнамды іс жасап дүниеден өтуге қам жасау. Иә, ешкім өзінің қашан және қай жерде дүниеден өтетінін білмейді. Бірақ ерте ме, кеш пе, өзекті жанға әйтеуір бір өлімнің болатыны анық. Ал адам ораза ұстаған күйде көз жұмса, Алла оған Жәннаттағы ең жарқын өмірді уәде етеді екен. Бұл жайында Алла Елшісі (със): «Кім ораза ұстап жүрген күйде көз жұматын болса, ол Жәннатқа кіреді", - деп ашық айтқан. (әл-Баззар. «Сахих әл-жамиғ», 6224) 🍎 СЕГІЗІНШІ, амалдар Аллаға көтерілетін уақытта өзінің ораза ұстаған күйде болуын қалау. Усама ибн Зейд (р.а): «Мен Алла Елшісінің дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтынын көретінмін. Бір күні одан мұның себебін сұрағанымда: «Дүйсенбі мен бейсенбі күндері (апталық) істеген істер Аллаға ұсынылады. Сондықтан менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын» деді", - деген. (Тирмизи) Ендеше, биыл ораза ұстаймын деп шешкен болсаңыз, осы сегіз нәрсеге қол жеткіземін деп ниет етіңіз және тек осы игіліктер үшін ораза тұтып, осы нығметтерге ғана талпыныңыз! Алла оразамызды қабыл, ықылас-ниеттерімізді түзу етсін!🤲 ___________________ #асыларна #asylarna #ораза #рамазан #рамазан2020 #рамазанға_дайындық #ниет #8нәрсе

Теги других блогов: ораза Рамазан ниет сауап Алла